Балаларға жағдай жасаған балабақша
Бүгінде үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kyzylorda-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістерді енгізуді талап етіп отыр. Барлық білімнің бастауы – балабақшада десек артық айтқандық емес.
Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие мен білім саласында заманауи педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де, педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымның біріне айналды. Ендеше, мектепке дейінгі білім беру саласының басты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдіс-терін енгізу. Әрине, бұл үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың заманауи инновациялық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты.
Балабақшада берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан-жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Балабақша – білім мен ортаға бейімделудің тірегі, ал тәрбиеші – сол балабақшаның жүрегі, яғни, олардың қолында баланың тағдыры тұрады. Өмірге келген әрбір нәресте отбасында ата-анасынан бастап, барлық туған-туыстардың махаббаты мен жылулық шапағатына бөленіп өседі. Әр отбасында тәлім-тәрбие алып, үш жасқа толғанда ата-аналар жүректерінің бір-бөлшегін сеніп, толықтай бір күнге балабақшаға әкеліп тапсырады.
Балабақша баланың өмірге аттаған алғашқы қадамы. Басқан алғашқы қадамынан баланың болашағы қаланады. Әрбір кішкентай ғана, бүлдіршінді өмірге енді аяқ басқан сәтте көңілінің кілтін тауып, олардың тұлға болып қалыптасуына сүбелі үлес қосатын алтын ұя. Аса сабырлықты, шыдамдылықты, жылулықты қажет ететін үлкен кәсіп иелері жұмыс атқарады. Өйткені, бұл мамандық иелерінің мойнына, ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана, бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Баланың дамуының іргетасы қаланып, тұлғаның «Мені» қаланатын кезеңі – балабақшада. Ары қарай өмірдің өсу сатысында білім мен тәрбие ұйымдарында қалыптасқан бір ізділік жүйе арқылы өз көзқарастарын қалыптастырып, танылып, жеке тұлға ретінде қоршаған ортада өз орындарын табады.
Сондай мектепке дейінгі білім беру мекемелері қатарында жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Жансая» жеке балабақшасы да халыққа қызмет етіпе келеді. Балабақша алғаш 2014 жылы қазан айында жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Жансая» жеке балабақшасы болып ашылған. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Жансая» жеке балабақшасы Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті Қ.Пірімов № 2б ғимаратында орналасқан. Бірқабатты ыңғайланған жобада салынған. Материалдық-техникалық базасы заман талабына сай жабдықталған. Су орталықтандырылған, жылу жүйесі, кәріз жүйелері автономды. Балабақша өрт-дабыл қондырғылары және бейнебақылау камераларымен жабдықталған.
Балабақшаны 2014 оқу жылынан бастап, меңгеруші болып, Шакизада Имандосова басқарады.
Балабақша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты үлгілік оқу жоспарын және Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын басшылыққа ала жұмыс жасайды.Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін әр жас топтарының ерекшеліктеріне сәйкес қойылатын талаптарды сақтай отырып пәндік-кеңістіктік дамытушы орталықтар құрылып жасақталған. Әрбір топ жеке ойын, жатын бөлмелермен, жұмсақ және қатты жиһаздармен, дүние – мүліктермен қамтамасыз етілген. Топтарда бала өмірін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін пәндік дамытушы орталықтар үйымдастырылған. Топтарда санитарлық – гигиеналық талаптар сақталған, тазарту, жуу залалсыздандыруға қажетті құралдармен қамтамасыз етілген. Баланың жас ерекшелігіне сай топтарда ұйымдастырыған іс-әрекетке арналған көрнекілік құралдармен жабықталған.Балабақша топтарында заттық – кеңістікті дамытушы орталықтар Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде баланың жас ерекшеліктеріне байланысты мақсатты бағыттары бар тараулардан тұратын «Физикалық қасиеттерді дамыту», «Коммуникативтік дағдыларды қамту», «Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту», «Шығармашылық дағдыларын,зерттеу іс-әрекетін дамыту», «Әлеуметтік –эмоционалды дағдыларды қалыптастыру» кіріктіру арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар әр топтар көгілдір экранды телевизорлармен жабдықталған. Тәрбиешілерді жаңашылдық білім сапасын дамытуда, балалардың ой-өрісін арттыруда «Сиқырлы қалам», «Дана» желілес дыбысты кітаптар, «Ақылды қоян», «Развлечение и изучение» электронды оқулықтар қолданысқа ие .
Балабақша балаларға арналған халық ертегілері, ақын-жазушыларының ертегі – аңыздары, танымдық кітаптарымен және электронды кітаптармен қамтамасыз етілген. Тәрбиешілерде өз тобының жас ерекшелігіне арналған әдістемелік құралдармен, бағдарламалармен, міндетті білім беру стандартымен және балаларға арналған ертегі кітаптармен қамтамасыз етілген.
Балабақша мен ата – аналар арасында байланыс жақсы жолға қойылған. Топтық жиналыстарда ата – аналарға тәрбиешілер , психолог, әдіскер, медбике түрлі консультациялар беріп отырды.
Ата – аналар келісім – шарт негізінде әр балаға төленетін 1 күндік тамақтың қаржылық мөлшері 600 теңге болды.
ЖШС «Жансая» жеке балабақшасы қауіпсіздігін сақтайтын 4 бейнебақылаумен жабдықталған.
Тәрбие мен оқытудың жаңарту –заманауи дамуы кезеңнің мектепке дейінгі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. ЖШС «Жансая» жеке балабақшасы педагогтары мектепке дейінгі білім беру стандарты бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс - тәсілдерді пайдаланады. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан - жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.
Балабақшада 3 топ, 75 бала бар. Топтардың жас ерекшелігіне қарай «Жансая» жеке балабақшасында ортаңғы «Қызғалдақ» тобында танымдық ойыншықтар, қарапайым пазлдар, зерттеушілік қызығушылығын белсендіретін қозғалмалы ойыншықтар, қимылды ойындарға қажетті құралдар, оның ішінде ірі және ұсақ моториканы дамытатын ойын құралдары, қауіпсіз табиғи материалдардан жасалған ойыншықтар, ойын, театр, серуен, бұрыштары, ортаңғы «Жауқазын» тобында дамытушы ойыншықтар, құрастыруға арналған жинақтар, сурет салуға арналған құралдармен және соған лайық жайлы орындар, қол еңбегіне арналған құралдар мен ойыншықтар, театрландырылған ойынға арналған жинақтар, қуыршақтар, түрлі машиналар, танымдық қызығушылығын жетілдіруге арналған табиғи материалдар,табиғат бұрыштары мен ойын, театр бұрыштары, «Бәйшешек» ересек тобында дамытушы модульдер, күрделі пазлдар, құрастырылатын ойыншықтар, сауат ашу, алғашқы математикалық ұғымдарды игеруге ықпал ететін әртүрлі материалдар, баспа әріптері, сөздер, кестелер, үлкен шрифті бар кітаптар, боямақтар,сандары бар оқулықтар, сандары мен әріптері бар үстел үсті ойындары, ребустар, оқу құралдары, балалар энциклопедиялары, ғаламшардың жануарлары мен өсімдіктер әлемі, әртүрлі елдердің адамдарының өмірі туралы иллюстрацияланған басылымдар, балалар журналдары, альбомдар, суреттер мен карточкалар,табиғат бұрыштары мен ойын, театр орталықтары ұйымдастырылған.
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқытуда инклюзивті білім беру қарастырылған. Балабақшаның педагог-психолог маманы инклюзивті білім беру талаптарын орындау мақсатында тәрбиеленушілердің ерекшеліктерін ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды анықтады. Тізімі жасақталып, жоспары құрылды. Енді жан-жақты жұмыстар жүргізіліп келеді.
«Жансая» жеке балабақшасының оқу-әдістемелік жұмысы бойынша 2021-2022, 2022-2023 оқу жылдары бойынша білім беру ұйымында педагог-мамандары мен тәрбиешілердің перспективалық жоспарлары топтар бойынша 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №412 бұйрығымен бекітілген "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес әзірленген. «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының ұсынған мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқауы перспективалық жоспарлар жасау барысында басшылыққа алынған. Тоғыз өтпелі тақырыптар қамтылған, педагогтар мен тәрбиешілердің жоспарлары осы ортақ тақырыптар бойынша әдістемелік ұсынымға сәйкес бекітілген. Аптаға арналған циклограмма жасалған, тексерілген. Циклограммада толық күнде балалар өмір сүруіндегі жұмысты ұйымдастырғаны, жұмыс уақыты, ойындар мен әрекеттері көрсетілген. Жоспарланған вариативті бөлігі, оқу қызметінің кестесі бойынша қамтылған. Топтардағы ұйымдастырылған оқу қызметінің көлемі мен күн тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 12 мамырдағы №195 бұйрығы мен «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» №615 санитариялық қағидаларына сәйкес берілген. Ұйымдастырылған іс-әрекеттердің жүргізудің гигиеналық нормаларына сәйкес, күн бойы барлық қызметтің түрлері мен демалысты ұйымдастыру және балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ұйқының, демалудың таза ауада болудың, күн тәртібі балаларды тәрбиелеу мен дамыту бағдарламасының негізінде санитарлық ережелерге - қосымшаға сәйкес құрылып, бекітілген.
2023-2024 оқу жылында балабақшадағы тәрбие мен оқытудың мазмұны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен 2022 жылғы 14 қазандағы № 422 бұйрығымен бекітілген бағдарламасын,"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жылында топтардағы ұйымдастырылған іс-әрекетінің көлемі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі №394 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес жасалған басшылыққа ала отырып, әртүрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы кіріктіру жолдарымен іске асырылатын «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» бес білім беру саласы арқылы өткізіледі.
Балабақшада инновациялық технологиялардың қолданылуы сантүрлі жүргізіледі. «Денсаулық» технологиясы бойынша креативті дамытушы әдістерден В.В.Воскобовичтың ойын әдісі қолданылады. Ақпараттық-компьютерлік технологиясында Мария Монтессори жүйесі бар. «Ойын» технологиясы барысында Хатха-йога әдісі іске асырылады. «МНЕМО» технологиясымен зерттеу әдісі тоғыстырылады. «ТРИЗ» технологиясында бейнелеу әдісін жүзеге асырады. «Тәй-Тәй» технологиясында интерактивті оқу-әдістемелік «Даналық әліппесі» кешені, «Сиқырлы қалам» дамытушы ойындары пайдаланылады.
Жұмыс жоспарларымен ұйымдасқан қызмет және ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушілері үшін бейімделіп құрастырылған. Бекітілген жеке оқу жоспарлары вариативті, жеке, бейімделген, қосымша, тәрбиелеу – білім беру процесінің циклограммасы бар.
Оқу-материалдық активтерге орай, ғимарат Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде Үмбет би №4 көшесінде орналасқан. Балабақша 1967 жылы екіқабатты, типтік жобада салынған. Ғимарат (табиғи газ) «Алатау» ОК 100 бу қазандығымен жылытылады. Терезелері пластиктен жасалған. Құрылыс ауданы – 690,3; ғимарат ауқымы – 4694, жалпы алаңы – 1020,6, тұрғын емес үй-жайдың ауданы – 1020,6, үй жайлар мен бөлмелер саны – 63. Ғимарат автоматты өрт дабыл қондырғысымен, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен, бейнебақылау камераларымен тиісті мөлшерде жабдықталынған. Электр аппараттар мен қондырғылар нөлдік желісі жерлендірілген күйде электр жүйеге қосылған. Топ бөлмелерінің ауданы тәрбиешілерге және балаларға арналған жұмыс аумағы, оқу көрнекі құралдары және оқытуға арналған техникалық құралдары мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының талаптарына сай орналастырылған. Балабақшаның бірінші қабатында медбикенің кабинеті, кір жуатын орын, ас блогы, қоймалар және үш топ орналасқан. Ал, екінші қабатта меңгеруші, әдіскер кабинеті, үш топ, есепшінің, логопед, психолог кабинеті орналасқан.
Сонымен қатар, музыка және дене шынықтыру залы да, осы қабатта орналасқан.
Шаруашылық аймағы ас блогының өндірістік жайларына кіретін жақта орналасқан және көлік кіретін жолы бар. Шаруашылық аймағы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен жабдықталынған. Асхана кір жуатын бөлмелерге септик орналастырылған. Ғимараттың сыртқы жарықтандыру арматурасы балабақша аумағын біркелкі шашыраңқы жарықпен қамтамассыз етіп тұр. Топтар: ұйықтайтын, ойнайтын, шешінетін және әжетхана, жуынатын бөлмелерінен тұрады.
Мектепке дейінгі ұйымның материалды-техникалық жағдайы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ, арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына сәйкес жабдықталған.
Алдағы уақытта балабақша шатыры мен балабақшаның сыртқы қабырғаларына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ұсыныстар айтылып, сметалық жобасын дайындауға жұмыстар жүргізілуде.
Бала тәрбиесі бесіктен басталады. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра отырып, әрі қарай жақсы жолға түсуіне себепкер болады. Қазіргі заманда әр отбасында дүниеге келген сәбиді, өсіп жатқан буынды өзінің ана тілімен сөйлету – ұлттық қасиетіміздің дамуының бірден бір жолы. Мектепке дейінгі тәрбие саласында ұлттық тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі – халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерін ана тілінде түрлендіріп, сол арқылы баланың тілін дамыту. Әрбір бөбектің өз ана тілінде тілі шығып, осы тілде ойлау қабілетінің дамуы – ұлттық мінез-құлықтың қалыптасу жолы. Ана тілінің қадір-қасиетін жастайынан түсініп, өскен баланың жақсылыққа жаны құмар, таза, пәк, инабатты, биязы болып, өсетініне өмір тәжірибесі куә.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады. Ал, үлкен ағаш болғанда, оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан, әрбір бүлдіршінге балабақшадан бастап, тәлім-тәрбие беріп, ұлтжандылыққа тәрбиелейік. Балабақша бақыттың ең бірінші баспалдағы, баланың болашағы.
Сөзімді «Тәрбие – тал бесіктен басталады» деген халқымыздың дана сөзімен қорытындылағым келеді. Тал бесіктен бастау алған тәрбие ғана жемісті болмақ. Демек, баланың тәрбиелі ұрпақ болып жетілуіне бірден-бір ықпал ететін орын – балабақша.