"Халық ашуланып отыр": Алматы полициясы отандық жұлдыздар қатысқан іс-шараға қатысты пікір білдірді

412
Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахманов демалыс күні карантиндік шектеу шараларын бұзып, іс-шара өткізгендерге қатысты пікір білдірді. 

Өткен жексенбіде Royal Tulip қонақ үйінің маңында ресейлік рэп орындаушы Тиматидің "Black star burger" орталығы ашылды. Бургер орталықтың ашылуына қатысқан отандық жұлдыздардың әрекеті резонанс тудырған болатын. Бұған қатысты санитарлық дәрігерлер де пікір білдірді. Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті кінәлілер әкімшілік жаза тартылатынын хабарлады. Сонымен бірге, карантиндік шектеу шараларын бұзғандарға қатысты Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахманов та пікір білдірді. "8 тамыз күні Royal Tulip қонақүйінде карантиндік шектеулерге қарамастан іс-шара өткен. Осы туралы жаңалықтарға мені оқырмандар белгілеп жатыр. Іс-шараға қазақстандық "жұлдыздар", блогерлер оның ішінде күні кеше мен жазған Мейіржан Төребаев та қатысқан.