Шымкентте полицейдің қызметкерінен алған сыйлықтары мен аударымдары туралы ақпарат тарады
430
Әлеуметтік желіде Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкері Мұхтар Бұхарбаев қызу талқыға түсіп жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігі.
Желіде полковник болуы мүмкін делінген азаматтың қызметкері арқылы алған сыйлықтары мен ақша аударымдары туралы ақпарат тарап кетті.
Бұл туралы белгілі журналист Михаил Козачков өзінің Facebook парақшасында жазды. Онда Шымкенттегі жергілікті полиция қызметінің басшысы туралы әңгіме қозғалып отырғаны айтылған.
"Шымкентте полковниктер жетерлік. Бүгін солардың бірі — Мұхтар Бұхарбаев туралы айтамыз. Мұхтар Қыдырәліұлы ресубликалық БАҚ-тарда ара-тұра шығып тұрады. Біреуді марапаттайды, енді бірін ескертеді... Жақында ғана оның үстінен Ішкі істер министрлігіне қол астындағы қызметкерінен шағым түскен. Арадағы қаржылай мәселеге байланысты болса керек...", — делінген жазбада.
Михаил Козачков Мұхтар Бұхарбаевты тергеу фактісі туралы ақпарат vera.kz порталында жарияланғанын атап өткен. Алайда Полиция департаментіндегілер полковник өз орнында екенін және қызметінен шеттетілмегенін айтыпты. Сонымен қатар журналист полковник пен қызметкерінің WhatsAp месенджеріндегі жазбаларының скрин фотоларын жариялады.

Журналист өз сөзінде мессенджердегі жазбалар мен дүкеннің шот-фактурасы, ақша аударымдары туралы мәлімет рас болса, демек Мұхтар Бұхарбаев "жүрек жұтқан полковник" деп көрсеткен.
Бұл жазба желі қолданушыларының қызу талқысына түсті.
17 қыркүйек күні Тоғжан есімді голд картасының иесіне А.И.Айымбетовтен 150 мың теңге аударым жасалған. Ақша аударушы Айымбетовтің есімін Азамат деп топшыладық. Себебі мессенджердегі жазбаларда Мұхтар Бұхарбаев болуы мүмкін делінген адамнан "Аза, ана жерде ары жүріп, бері жүріп. Шешініп-киініп жаман болды, ұят болмасын", "Жынды екен, Аза" деген СМС-терді оқуға болады.