МИНИСТР ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ АЛҒАШҚЫ РЕСМИ ІССАПАРЫН СЫР ЕЛІНЕН БАСТАДЫ
141
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Қызылорда облысына іссапармен келді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Алдымен министр облыстық жастар ресурстық орталығына барып, еркін пікір алмасу өткізді. Сыр жастарының озық идеяларын тыңдап, ұсыныстарының ескерусіз қалмайтынын жеткізді.
Мұнан кейін, министр Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне барып, журналистика факультетіндегі студенттермен тілдесті.
Сапары барысында министр Достық үйінде облыс тұрғындарымен кездесті. Жұртшылыққа министрліктің негізгі жұмыстары баяндалды.
Кездесуде азаматтық қоғам институттарын дамыту бойынша мемлекеттік қолдаулар барысы айтылды.
Сонымен қатар, БАҚ туралы заңды жетілдіру бағытында кешенді жұмыстар сөз болды.
Жастар саясатын қолдау бағыты да әңгіме арқауына айналды.
Министр этносаралық қатынастар мен дін саласы бойынша жұмыстарды және елімізде орныққан конфессияаралық татулықты сақтау және оны одан әрі дамыту бойынша кешенді шараларды баяндады.
Кездесуден кейін Дархан Қыдырәлі қоғамдық қабылдау жасап, тұрғындардың сауалдарына жауап берді.
Жұмыс сапарында ведомство басшысы «Qyzylorda» телеарнасының жұмысымен танысып, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді. Өзекті сауалдарға жауап беріп, әріптестерінің ұсыныстарына құлақ түрді.
Министр мұнан кейін Жаңақорған ауданына аялдап, «Жаңақорған тынысы» газеті редакциясының ұжымымен кездесті.
Айта кетейік, министрдің іссапары Түркістан облысында жалғасын таппақ.