Қызылордалық тұрғын үй аламын деп 17 млн теңгесінен айырылды

292
Қызылордада арзан бағамен үй алып беремін деп танысының 17 млн теңгесін қалтасына басқан әйел ұсталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Күдікті әйел Қызылорда қаласында арзан бағамен үй алып беремін деп танысын алдаған. 48-жастағы әйел 2020 жылдың маусым және тамыз айларында жәбірленушіге Қызылорда және Алматы қаласынан үй алып беремін деп сеніміне кіріген.

Осылайша алаяқтық жолмен 17 млн теңге көлемінде ақша қаражатын иемденіп алған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті азаматша Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаменті.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.