Дәулет Мұқаев басы бос қыздар үй алуы үшін керемет бағдарлама бар екенін айтты
729
Халықтың баспаналы болуына бағыт беріп, ақыл-кеңесін ұсынып жүрген блогер Дәулет Мұқаев күйеуге шықпаған қыздарға да арналған керемет бағдарламаның барын түсіндірді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Бірақ мұндағы басты талап — дұрыс таңдау жасау.
Бойдақ қыздарға арналған бағдарлама жайлы бейнежазбаны Дәулет өзінің әлеуметтік парақшасында жариялады. Видеода блогер бұның қандай бағдарлама екенін, әрі оған қалай қатысуға болатынын түсіндірген.
Байға тию деген бағдарлама бар. Бірақ ол үшін жақсы бай табу керек. Елпілдеп көрінгенге тиюге болмайды. Дұрыс таңдау жасау керек. Кейін бірлесіп бәріне қол жеткізесіздер,— дейді ол бейнежазбада.
Ол үшін алдымен декретке миллионмен шығып, баспанаға бағыт алып, кейін үйде балалармен отырып кәсіп бастап, күйеуіне қолдау білдіру керек. Содан кейін тапқан табысты жиып, үй алуға әрекет жасауға болады дейді Дәулет.
Мен үйленгенде ештеңем болмады. Біз 7 жылда бұл жетістікке әйелім екеуіміз еңбекпен жеттік,— деп қорытындылайды сөзін.