Павлодарда әйелі ажырасып жатқан күйеуінен ерекше жолмен кек алды
387
Павлодарда жалған нөмірмен жүрген жергілікті тұрғын жауапкершілікке тартылды. Алайда ол өзінің темір тұлпары есепте жоқ екенін білмейтін болып шықты. Оның көлігін есептен әйелі шығарып тастаған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ал 36 жастағы павлодардық оның көлігінің тіркеу есебінен шығарылғанын, мемлекеттік нөмірдің жалған екенін полицейлерден білген.
Кейін көліктің иесі оның әйелі екені белгілі болды, бірақ қазіргі уақытта ерлі-зайыптылар ажырасып жатыр. Яғни, күйеуіне ашуланған әйелі бұл туралы ештеңе айтпастан көлікті есептен шығарған көрінеді.
Дегенмен бұл жүргізушіні жауапкершіліктен босатқан жоқ. Ер адамға қатысты ӘҚБтК 590-бабы 4-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды.
"Павлодар көшелерінде қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы ережелерін сақтау мониторингі кезінде ЖБО бейнебақылау инспекторы қала бойынша жалған нөмірмен жүрген, бірақ тіркеу есебінде жок "Инфинити" автокөлігін анықтады. Инспектор көлік туралы барлық ақпаратты дереу жақын маңдағы полиция патруліне берді, олар жүргізушіні тоқтатты", – дейді Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі.