Қазалы ауданында аяулы ұстаздар құрметке бөленді

1 140

Фото: Қазалы ауданының әкімдігіҚазалыда ұлағатты ұстаздар қауымының кәсіби мерекесіне орай «Ұстаз лайық құрметке» атты салтанатты шара өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әйтеке би кентіндегі Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде өткен мерекелік шараға аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет қатысып, барша ұстаздарды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.


Ардақты білім саласының ардагерлері, сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше. Егемен елімізді өркениетке бастар жолда бәсекеге қабілетті білікті маманды, мықты тұлғаны, елжанды азаматты қалыптастыратын ұстаз. Дана ой иелері де, қоғам қайраткерлері де ұстаздың алдында бас иеді. Мерейлі мерекелеріңізде Сіздерге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін, – деді аудан әкімі.

Бұдан кейін білім саласында толағай табысқа жетіп, шәкірттерді шыңға шығарып жүрген бірқатар ұстаздар марапат төрінен көрінді. Олар Оқу-ағарту министрлігі, облыс, аудан әкімінің «Құрмет грамотасы», «Алғыс хатымен» марапатталды.

Мұнан соң мерекеге орай сахна төріне ау­дан әкімінің ықылас гүлі шығары-лып, бар­ша ұстаз­дарға құрмет көрсетілді.

Ұла­­­ғат­ты ұстаздардың мерейін үстем еткен көңілді кеш­те өнерді жанына серік еткен аяулы ұстаздар мен өнерлі оқушылар ән-күйден шашу шашып, көп­шілік­тің көңілін бір серпілтіп тастады.

Мерекелік шара Е.Бозғұлов атындағы мектеп-лицей оқушыларынан құралған қордың орындауындағы «Ұстазым» әнімен қорытындыланды.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.