Аттракцион істен шығып, бес бала зардап шекті

1 605

Фото: видеодан скриншот2 шілде күні Атыраудағы “Керемет” саябағында аттракцион кенет істен шығып, оқыс жағдай болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі “Ақ Жайық” порталына сілтеме жасап.


Әлеуметтік желіде тараған видеодан саябақтағы аттракционның бірі істемей қалғанын көруге болады. Оның кенет істен шығуының салдарынан зардап шеккен бес бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.


Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, төрт бала амбулаториялық ем алған соң үйіне жіберілді. Ал бір бала ауруханада әлі ем қабылдап жатыр. 


Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 306 бабы, 2 бөліміне (Кәмелетке толмағандарға арналған тауарлар немесе қызметтерге қатысты қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.