Көлік бағанаға соғылып, жүргізуші көз жұмды

1 431

Фото: istockphoto.comАлматының Жетісу ауданында көлік электр бағанына соғылып, жүргізуші қаза тапты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алматы Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 5 қаңтар сағат 16:00 шамасында болды.

Daewoo автокөлігінің жүргізушісі Кудерин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, рульге ие бола алмай, жолдың шығыс жағына шығып кетіп, жарық бағанасының бетон тірегіне соғылды. Апат салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, – деп түсіндірді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Адам өліміне әкеліп соқтырған жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.