Мәйітті өртеуге келісім енді электронный қабылданады

1 502

Фото: ©ЖИМемлекеттер бұл жабық нарықты барынша ашық әрі жария етуге ұмтылып, қатаң реттеп, заңнамалық тыйымдар енгізуде және ритуалды қызметтерді цифрлық форматқа көшіруде,- хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстанда кремациялауға Үкіметтің келісімін алу қажет. Қазақстанда мәйітті өртеу рәсімі цифрлық форматқа көшірілді: енді бұл келісімді eGov порталы арқылы рәсімдеуге болады. "Қазақстан Республикасының цифрлық үкіметі" порталында мүрдесін жағуға қатысты адамның тірі кезіндегі ерік-жігерін тіркеу қызметі іске қосылды.
Қазақстан азаматтарында және республика аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерде өздерін өлгеннен кейін "отпен жерлеу" туралы тірісіндегі шешімін алдын ала бекітуіне, қажет деп тапса, оның күшін жойып, кері қайтарып алуына мүмкіндігі болған. Бұл шешімді рәсімдеу алгоритмі біршама қарапайым:

- eGov порталынан авторизациядан өту;

- "Кремация жасауға қатысты өмірлік ерік білдіруді тіркеу" қызметін таңдау (қызмет коды: P718);

- "Онлайн сұратым" батырмасын басу;

- Барлық міндетті өрістерді толтыру;

- Өтінімге ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролдің көмегімен қол қою (оны алу үшін ұялы телефон міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеуде тұруы керек);

Сұрау салуды өңдеу қорытындысы жеке кабинетке ("Қызметтерді алу тарихы" бөліміне) келіп түседі. Сервис техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы жұмыс істейді. Қызметті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі көрсетеді.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, күту уақыты 15 минутты құрайды. Мемлекеттік қызметтің өзі тегін көрсетіледі. eGov арқылы ерік-жігерді тіркеуге де, кейіннен келісімді кері қайтарып алуға да болады. Ережеге сәйкес, мұндай құжаттың болуы адам қайтыс болған соң кремация жасаудың міндетті шартына айналады. Алматылық крематорий электронды Үкімет арқылы бекітілген келісімнің болмауы рәсімді өткізуден бас тартуға негіз болатынын ескерткен. Кремацияның өзі 240 мың теңге тұрады. Бұл сомаға мүрдені дайындау, тасымалдау, күл салынатын құты-урна және рәсімді сүйемелдеу кірмейді. Мәйітті крематорийге дейін апаруға арналған табыт 30 мыңнан, күлге арналған ваза 30 мың теңгеден басталады.
Марқұмның өзін кейін өртеу туралы еркі кремациялау рәсімінің автоматты түрде орындалатынына кепілдік бермейді. Өйткені жағу шығындарын оның өзі емес, туыстары көтереді. Егер жақындары қарсы шығып, қызмет ақысын төлеуден бас тартса, марқұмның еркі орындалмай қалуы мүмкін. Бұл ретте не істелетіні, іс-әрекеттің нақты регламенті eGov-та көрсетілмеген. Өз кезегінде крематорий өкілдері порталдағы келісім құжаты туыстарының пікірінен жоғары тұратынын анықтады. Сондықтан сарапшылар өлгеннен кейін өзін кремациялауды қалайтын адамдарға бұл шешімін алдын ала нотариалды рәсімдеп, бұл еркін орындайтын тұлғаны нақты тағайындауға кеңес береді. Алматыдағы крематорийді салуға пандемиядан кейін, 2021 жылы 1,5 млрд теңге шығындалған. Бірақ нысан мемлекеттің меншігіне, яғни, қаланың балансына тек 2025 жылы ғана берілген. Ресми ашылуы биылғы сәуірдің соңында өтті. Тұрғындардан өтініш қабылдауға мамыр айында кірісті. Кешенде екі кремация пеші орнатылған. Ең жоғары жүктеме кезінде бір пеш тәулігіне сегізге жуық мүрдені өртей алады. Кремация рәсімі шамамен екі сағатқа созылады: пеш алдын ала 1000 °C-қа дейін қыздырылады. Мәйіт жанып кеткеннен кейін күлі жиналып, арнайы капсулаға салынады. Бүгінде бұл Орталық Азиядағы жалғыз жұмыс істеп тұрған крематорий болып табылады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.