Барлық банк мобильді аударым туралы деректерді салық органдарына тапсырды
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер азаматтардың мобильді аударымдары туралы мәліметтерді салық органдарына тапсырды,- деп хакбарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазір салық органдары алынған деректерді өңдеп, салыстырып жатыр. Сондықтан нақты қанша адамға хабарлама жіберілетіні және қандай санаттарға қатысты екені белгісіз.
“Қазір барлық банк мәліметтерді тапсырды, біз оларды қабылдадық. Деректер өңделіп жатыр. Қандай санаттар, қандай шаралар болатыны туралы нақты айтуға әлі ерте. Алғашқы хабарламалар мамыр айында жіберіледі”, – деді Біржанов.
Вице-министрдің сөзінше, салық органдары енді бұл ақпаратты талдап, санаттарға бөледі. Бұл жеке кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, бейрезиденттер немесе басқа тұлғалар болуы мүмкін. Сонымен қатар әртүрлі банктерден түскен мәліметтер өзара салыстырылады. Бір азамат бірнеше банкте тіркелген болуы мүмкін.
“Қазір нақты қанша адамға хабарлама жіберілетінін айту ерте. Мамыр айында хабарламалар жолдана бастайды”,– деді Ержан Біржанов.







