Қызылордада үш оқушы пышақ жарақатын алған

2 078

gazeta.ruҚызылордада 5 маусымға қараған түні мектептің жанында белгісіз адам үш жасөспірімді пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


9-сыныптың 3 оқушысы пышақ жарақатын алған, үшеуінің де аяғы жараланған. Ауруханада оларға алғашқы көмек көрсетіліп, үшеуі де үйлеріне жіберілген. Ал, кейбір ақпарат көздері оқушылар арасында топтық төбелестің болғанын айтуда. 


"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп жауап берді полиция.