Айлықсыз 595 отбасы және Қызылорда су жүйесіндегі былық
5 918
Қазіргі таңда Қызылорда қаласының тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз етіп отырған бірден-бір мекемелердің бірі Қызылорда қаласының әкімінің аппараты Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны екендігі баршаға мәлім. Алдайда, осы аталмыш мекеменің ішіндегі ойранды көпшілік біле бермес. Десек те, мекемеде қызмет етіп жүрген 595 отбасы 5 ай бойы жалақы алмағандығын айтып қала тұрғындары наразылықтарын білдіруде,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпараттық агенттігі.
Расыменде мекеме жұмысшылары жалақы алмағандарына 3 ай болса, енді бірі тіпті 5 ай бойына жалақы алмаса, одан зоры 2 жыл бойына зейнетақы қорына төлем аударылмағандығы туралы деректер бар,- дейді шағымданушылар. Олай дейтініміз мемлекеттік мекеменің бұрыңғы басшысы Жамиев Марат Шахматұлының басшылық еткен жылдар бойына бірде-бір қара қызметші жалақысын көрмеген дейді. Мемлекеттік мекеме бола тұра, техникалар мен түрлі мекемелерді кепілдікке қойып несие алған бұрыңғы басшы салық төлеуден де жалтарып отырған. «Балық басынан шіриді» демекші, мемлекеттік мүлікті кепілдікке қоюына келіскен қала әкімдерінің бірі болған Нұрлыбек Нәлібаев Машбекұлы бұл олқылыққа қалай рұқсат берген деген ой келеді? Банкроттықтың алдын да тұрған мекеменің қыр-сырын білмегендігі қалай? Әлде мекеменің басшысы «майлап» алды ма? Соның өзінде құрдымға кетіп бара жатқан «Қызылорда су жүйесі» МКК-н қолдағанымен пара-пар болғаны ғой. Қазіргі таңда қала әкімі болған Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы болып жатқан жағдай бойынша қандай шара қолданар екен? Ауамен қоректеніп жатқан кінәсіз отбасы иелеріне қандай көмек бере алады екен? Еңбек саласын бақылау басқармасының басшысы Жолымбетов Төреахмет Сайлаубайұлы –ның берген өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен пресс-конференциясында: «Облыс бойынша қазіргі таңда үш айдан астам жалақыдан қарызы бар мекемелер тіркелмеген. Кәсіпорындар мен мен мекемелерде жалақы төлемін кешіктіру фактілері анықталған жағдайда, дереу әрекет ету шаралары қолданылады»,-дейді. Бірақ, 2 жылдан бері былығы батпан болған мекемеден сырт айналып өтуіне не себеп? «Жабулы қазан, жабулы күйінде қалсын» деудің сыры неде? Сұрақ көп жауап жоқ...
Күйбең тірліктің қамы үшін арпалысып жүрген қара жұмысшылардың құқығын кім қорғайды? Екі жылдан астам зейнетақысы аударылмаған жұмысшыны қандай медициналық мекеме, не емхана дәрігерлік бақылаудан өткізеді?
«Қызылорда су жүйесі» МКК-ның басшысының міндетін атқарушы Өтепов Нұрлан Кеңесұлы: «Мен 2 шілде де уақытша тағайындалған едім. Мен келгенде қызметшілерге қарызы бар, салық пен біршама төлемдері төленбеген, ал жалақыға келсек берешегі жетерлік мекеме болып отыр. Осы уақытқа дейін қолдан келгенше осы күнге дейінгі төлемдерді төлеген жайымыз бар. Ал жұмысшылардың жалақысына келсек, шілде айы бойынша- 44 миллион, тамыз айы бойынша – 56 миллион әлі де берешегіміз бар. Кепілдікке қою бойынша алдыңғы басшы, құрылтайшысы қала әкімдігімен ақылдасып, мақұлданып алынады. Бір сөзбен айтқанда қарыз көп»,-деп мәлім етті.
Тұжырымдай келе осы жылдары қала әкімдігі мекеменің түйіткіл мәселесін етене жақын біліп отырған сияқты. Алайда, құлаққағыс болған әкімдік шара қолданбай, несие алуына рұқсат беріп отырғандығы қалай? Осы орайда мемлекеттік мекемелердің басшылары жұмыстарына ат үсті қарайтындығы байқалады. «Әй дейтін әжесі, қой дейтін қожасы болмаған» мекеме басшысы Жамиев Марат Шахматұлы асарын асап, жасарын жасап, шамасы келгенше сытылмақ болған сыңайлы. Алайда, құзырлы органдардың құлағына жеткен болар байырғы басшыны 3 жылға бас бостандығынан айырды,-дейді арызданушылар.
Десек те, мекеме теңгерімінде бүгінгі таңда 105 бірлік жобалық қуаттылығы тәулігіне 79752 текше метр ауыз су беретін ұңғымаларымен бірге «Степь», «Бас тоған», «Арай», «Мұнайшы», «Қызылжарма», «Мерей» су алу құрылымдары қызмет атқаруын тоқтатпады. Жоғарыдағы мәселені жауапты мекеме басшылары зерделеп, анықтап, ақ-қарасын ажыратын жауап беруін және халық мүддесіне жұмыс жасауын сұраймыз.
редактор,
Айгерім МЕҢДІБАЕВА

Тағы да оқыңыздар
Құрылысшыларға құрмет
1 502