Еліміздің қай өңірлерінде мұғалімдер жетіспейтіндігі айтылды

432
Қазақстанның қай өңірлерінде мұғалімдер тапшы екендігі айтылды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

"Педагог дефицитіне келсек, биыл қыркүйекте елімізде 3 мыңнан астам жұмыс орны бос тұр. Бүгінде Қазақстанда 350 мыңдай мұғалім барын ескерсек, салыстырмалы түрде 3 мыңды аса үлкен тапшылық деп ойламаймын. Мұғалімдердің жетіспеушілігі көбінесе ауылдық жерлердегі шағын мектептерде байқалады. Мұғалім тапшы 3 аймақты атасақ, көш басында Атырау облысы, екінші кезекте Алматы облысы және үшінші орында Түркістан облысы", – деді ҚР Білім және ғылым министрлі Асхат Аймағамбетов Үкімет үйінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында. 

"Педагогика мамандықтарына бөлінетін грант саны жыл санап көбеюде. Сондай-ақ мұғалімдерді даярлауда оқу бағдарламасына өзгерістер енгізілді. Қорыта айтқанда, бүгінде елімізде педагог тапшылығын шешуге арналған кешенді жүйе бар"- деді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.