Тұрғын күзетшіні көлігімен басып өлтірді
Алматыда тұрғын үй кешенінің тұрғыны күзетшіні көлігімен қағып, шабуылдаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Күзетші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды.
Қайғылы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Онда күзетші қақпаны жаба бастағанда, джип мінген ер адам оны бірнеше рет әдейі қағып, артынан көліктен түсіп оны жұдырықтай бастағанын көруге болады.
Аталған жағдайға Алматы қаласының полиция департаменті түсініктеме берді.
Елді дүрліктірген қылмыс "Меркур Таун" тұрғын үй кешенінде болған.