Қазақстандағы АЭС-ті қай мемлекет салатыны белгілі болды
322
Қазақстан Оңтүстік Кореяның Korea Hydro & Nuclear Power (KHNP) компаниясымен атом энергетикасын дамыту саласында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, - деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
2022 жылғы 28 маусымда Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов бастаған қазақстандық делегация мен Оңтүстік Кореяның Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрлігінің өкілдері, сондай-ақ ядролық технологияларды жеткізуші – Korea Hydro & Nuclear Power (KHNP) компаниясы арасында кездесу өткен.
Кездесу барысында "Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС мен KHNP арасында атом энергетикасын дамыту саласындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғаны айтылды. Бұл Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы атом энергиясын дамыту саласындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға ықпал етеді.
Ведомство мәліметінше, оңтүстіккореялық KHNP компаниясы Оңтүстік Кореяның 24 АЭС-іне иелік ететін және басқаратын KEPCO еншілес ұйымы саналады. АЭС қуаты бойынша KHNP әлемде 3-орында және техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеуден бастап, АЭС салу және пайдалануға беруге дейін станция конструкцияларын түрлендіру мен жетілдіру бойынша техникалық көмек көрсетеді.
Қазіргі уақытта KHNP Біріккен Араб Әмірліктерінде APR-1400 реакторлары бар Барак АЭС-нің 4 энергия блогын салу бойынша жобаны іске асырып жатыр, оның екеуі 2020-2021 жылдары пайдалануға берілді.