Ақтөбе тұрғыны ойыншық тапаншамен микрокредиттік ұйымды тонап кетті

488
Ақтөбе қаласының тұрғыны қызметкерді ойыншық тапаншамен қорқытып, микрокредиттік ұйымды тонап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адам микрокредиттік ұйымның кеңсесіне кіріп, 22 жастағы қызметкерді тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 74 000 теңге ұрлап кеткен.

Оқиға орнына полицияның кешенді күштерінің жасақтары жіберіліп, жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні "ізін суытпай" ұстады. Ұсталған ер адам жасаған іс-әрекетін толығымен мойындады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағы "Тонау" бойынша соталды тергеп-тексеру жүріп жатыр. Сонымен қатар, күдікті қолданған тапанша ойыншық екені анықталды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.