Министр кездесу барысында алдын ала дайындалған сұрақтар қоймауды талап етті

294
Білім министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдерден алдын ала дайындалған сұрақтар қоймауларын өтінді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Семей қаласының тұрғындарымен болған кездесуде Білім министрі Асхат Аймағамбетов алдын ала дайындалған сұрақтар қоймауларын өтінді. Кездесу барысында министрден мектеп кезінде қандай үйірмеге қатысқаны жөнінде сұраған. Бұған жауап берген Асхат Аймағамбетов өзіне алдын ала дайындалған сұрақтарды қоймауды сұрады. Ол мұндай сұрақтардың болмауы тиіс екенін ескертті.

Біз Жаңа Қазақстан дейміз ғой. Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Ол ең алдымен білім жүйесінен басталады. Бір-бірімізге алдын ала дайындалған сұрақтарды қойып отырғанымыз өте ұят. Мен сіздердің кез келген сұрақтарыңызға жауап беруге әзірмін. Нақты мәселеге байланысты сұрақтар бар ма? Әлбетте, бар. Осы сұрақтарды біз талқылап, шешуге тырысамыз. Материалдық-техникалық базаға қатысты, оқулықтар, оқу бағдарламалары, аттестация секілді мәселелер өте көп. Осы сұрақтарды жасырмай, бізге қойыңыздар, біздің келуіміздің басты мақсаты да осы – ашық әңгімелесу, – деді министр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.