97 жастағы әжей ұшақ қанатында рекорд жаңартты
Ұлыбританияның 97 жастағы тұрғыны Бетти Бромейдж инсульт алғанына қарамастан, ұшып бара жатқан ұшақтың қанатына тағы да шығып, өзінің бұрынғы рекордын жаңартты. Осылайша ол мұндай экстремалды ұшуды орындаған әлемдегі ең қарт әйел атанды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бұл Беттидің соңғы он жыл ішіндегі осындай алтыншы сынағы.
Алайда бұл жолғы дайындық оңай болмаған. Былтыр тамызда Бромейдж инсульт алып, оның салдары сөйлеу қабілетіне әсер еткен. Соған қарамастан, ол алға қойған мақсатынан бас тартпаған.
Беттидің айтуынша, көру қабілетінің нашарлауына байланысты енді көлік жүргізе алмайды. Мұндай шектеулер кейде көңіліне салмақ түсіреді. Дегенмен ол денсаулығы мүмкіндік беріп тұрған кезде өмірден қол үзбей, қолынан келетін істерді жалғастыру маңызды деп есептейді.
Оның сөзінше, жаңа әсер мен жаңа сынақтар болмаса, өмір тым бірсарынды болып кетер еді.Бұл жолғы ең қиын сәт ұшудың өзі емес, ұшақтың қанатына көтерілу болған. Бойы аласа болғандықтан, Беттиге жоғары шығу оңайға соқпаған.
Ал ұшудың өзі ол күткендей қорқынышты болмапты. Тіпті кейбір ойын-сауық саябақтарындағы аттракциондар бұдан да қорқыныштырақ екенін айтты.
Бетти Бромейдж бұл экстремалды өнерін қайырымдылық акциясына арнады. Жиналған қаражат инсульттан кейін өзі ем қабылдаған Челтнем ауруханасына берілмек.
Қаражат пациенттер мен медицина қызметкерлеріне қажетті құрал-жабдық сатып алуға жұмсалады.
97 жастағы ұлыбританиялық мұнымен тоқтап қалмақ емес. Ол 100 жасқа толған мерейтойына тағы бір ерекше сынақ дайындауды жоспарлап отыр. тақырыпҰлыбританияның 97 жастағы тұрғыны Бетти Бромейдж инсульт алғанына қарамастан, ұшып бара жатқан ұшақтың қанатына тағы да шығып, өзінің бұрынғы рекордын жаңартты. Осылайша ол мұндай экстремалды ұшуды орындаған әлемдегі ең қарт әйел атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл Беттидің соңғы он жыл ішіндегі осындай алтыншы сынағы.
Алайда бұл жолғы дайындық оңай болмаған. Былтыр тамызда Бромейдж инсульт алып, оның салдары сөйлеу қабілетіне әсер еткен. Соған қарамастан, ол алға қойған мақсатынан бас тартпаған.
Беттидің айтуынша, көру қабілетінің нашарлауына байланысты енді көлік жүргізе алмайды. Мұндай шектеулер кейде көңіліне салмақ түсіреді. Дегенмен ол денсаулығы мүмкіндік беріп тұрған кезде өмірден қол үзбей, қолынан келетін істерді жалғастыру маңызды деп есептейді.
Оның сөзінше, жаңа әсер мен жаңа сынақтар болмаса, өмір тым бірсарынды болып кетер еді.Бұл жолғы ең қиын сәт ұшудың өзі емес, ұшақтың қанатына көтерілу болған. Бойы аласа болғандықтан, Беттиге жоғары шығу оңайға соқпаған.
Ал ұшудың өзі ол күткендей қорқынышты болмапты. Тіпті кейбір ойын-сауық саябақтарындағы аттракциондар бұдан да қорқыныштырақ екенін айтты.
Бетти Бромейдж бұл экстремалды өнерін қайырымдылық акциясына арнады. Жиналған қаражат инсульттан кейін өзі ем қабылдаған Челтнем ауруханасына берілмек.
Қаражат пациенттер мен медицина қызметкерлеріне қажетті құрал-жабдық сатып алуға жұмсалады.
97 жастағы ұлыбританиялық мұнымен тоқтап қалмақ емес. Ол 100 жасқа толған мерейтойына тағы бір ерекше сынақ дайындауды жоспарлап отыр.







