ҚЫЗЫЛОРДА ҚАҢҒЫБАСТАР ҚАЛАСЫНА АЙНАЛДЫ МА?

495
Қызылорда  қаласы  маскүнемдер мекендеріне айналып барады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.  

Бүгінде Қызылорда қаласының орталығында орналасқан Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйнің  айналасында маскүнемдер мен тұрақты мекені жоқ жандар кезіп жүр.  Қалалық мәдениет үйі дала кезіп жүрген жандардың күнде паналайтын тұрақты  мекендеріне  айналғалы қашан. Тіпті, ашықтан - ашық шешініп отыратындарын да  байқауға болады. 

Сонымен қатар, қаламызда халықтың көп шоғырланатын  Батырхан Шүкенов саябағы, Ескі базар мен  Әйтеке би көшелерінде топтасып жүретіндерінді де тілге тиек етуге болады.

«Шынында қалада араққұмар адамдар толып кетті. Тіпті оқушы балаларымызды осы маңайдан өткізуге қорқамыз. Ұрттап алған адамның есі кіресілі-шығасылы емес па? Қай баламызға қандай зардабы тиеді деп отыра береміз бе? Неге осыны әкімшілік қолға алмайды?» - дейді қала тұрғыны Самат.



Расында, ата-аналардың алаңдаулары жөнді. Өйткені, ішімдік ішкен адамның не істеп, не қоярыда белгісіз. Тіпті ата-аналар балаларын қосымша үйірмеге жіберуге қорқып отыр.  Осыдан кейін  жеткіншек оқушылардың   педофил құрбаны болмайтындарына кім кепіл?!  


«Тепсе темір үзетін азаматтарды неге бейімдеу орталығына апармайды екен. Мүмкін сол жерде жөнделіп шығулары  да мүмкін ғой», - деді Арай.


Алайда, бүгінгі түсірілім барысында «Бейімдеу орталығына» барудан бас тартқан жандар оданда түрмеге алып бар, ол жаққа бармаймыз деп қарсылық танытуда. Расында, бейімдеу орталығынан күні кеше шықтық деп дүрсе қойды. 




Әр жыл сайын мемлекет тарапынан маскүнем, ішкіш азаматтардың оңалуларына қыруар қаржы бөлінеді. Алайда, біздің маскүнем азаматтар қалалық оңалту бөлімінен гөрі, түрмеге жатқызуларын  өтінеді екен. Қызық, бұлай қашуларына не себеп? Әлде, шеттен тыс әлім-жеттік көрулерінен бе?
Халық арасында жүріп, қайыр сұрауды әдетке айналдырғандар үшін бұл күн көрістің ең тиімді жолы. Алайда, арамсуды ішуді жөн санайтын жандар құқық қорғау саласындағы жандарға қарсылық танытып, қоқан-лоқы көрсететіндігі тағы бар. 
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бейімдеу орталығынан ішімдік  ішкені үшін шығарылып отырады екен. Ал, үйсіз жүрген    жандар қулыққа салып, тіпті орталыққа барудан бас тартып, қашып құтылмақшы болғандар да жетерлік. 
Қоғамнан шет қалған жандардың бірі отбасылы, баспаналы болса енді бірі маман иесі болғандары да бар. Тағдырдың тәлкегіне ұшырап, арамсудың артынан ерген жандардың бүгінгі жәй-күйі осындай халде! Алайда,  біздің қоғамды тазалау мақсат емес, оларды қайта өмірге пейімдеу керек секілді. Орталыққа алып барып жатқызып, қайта босатып жібергеннен не пайда? Ем-домы көрсетіліп, өмірге бейімдеу жұмыстары жүргізілмесе, орталықты қаржыландырудан не пайда? деген жандар да жетерлік.  
Алайда, бұл жөнінде «Өмірлік қиын жағдайда қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы» КММ бөлім орынбасарының айтуынша,


«Біздің мекемемізде тәртіп болғандықтан, ішкілікке құмар жандардың бағынбай, масаң күйде жүріп, түрлі тәртіп бұзушылықтар орын алып отырады. Араққұмарлықтан арыла алмағандықтан бостандықты аңсап, ішімдік ішуді іздеп тұратындар да бар. Тіпті біз мәжбүрлі түрде емдеу орталықтарына да жіберіп жатырмыз. Оның өзіндік тәртібі бар. 2021 жылы бойынша 149 адамды қабылдаған болатынбыз, бүгінгі күні біздің орталық 50 адамға бейімделген оның ішінде 48 адам орталықта жатыр. Орталықта  4 мезгіл тамақтандыру, еңбекке баулу, өмірге бейімдеу секілді жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар, жеке басы анықталмай, кім екендігін білмей аты-жөні белгісіз жандарды да өқжаттандырудамыз. Өмірге бейімдеу үшін барынша көмек қолын созудамыз.»,- дейді Ажар Саруарқызы.

АЙБАР