Өзеннен жүзіп өтпек болған мұғалім студенттердің көз алдында суға кетті
302
Павлодарда студенттерге далалық-әскери жиын өткізіп жүрген оқытушы Усолка өзенінен жүзіп өтпек болды.
Жағалауға жетуге шамасы келмеген мұғалім студенттердің көз алдында суға батып кетті, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары Олег Трещев мәлімдеді.
Торайғыров университеті жоғары колледжінің оқытушысы Усолка өзеніне батып кетті. Ол колледждің 1-2 курс студенттерін өзенге апарған.
Өзінің суда жақсы жүзетінін көрсетпек болған ол жағаға жете алмады,— деді Олег Трещев.
Сондай-ақ, ол далалық әскери оқу-жаттығу тек колледждің аумағында өтуі тиіс екенін атап өтті. Алайда 23-24 жастағы жас мұғалім студенттерді бастап өзенге барған.
Аталған жайтқа байланысты полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.