Дәрігерлер алып ісігі бар жаңа туған нәрестеге ота жасады

1 513

Фото:© baq.kz архивіАстанада дәрігерлер бірегей ота жасап, дене салмағының жартысынан астамында алып ісігі бар жаңа туған нәрестені құтқарып қалды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Сәби елордаға өңірден санитарлық авиация желісімен жеткізілген. Балаға шұғыл түрде күрделі хирургиялық ота жасалып, салмағы 2,15 келі болатын ісік алынып тасталған. Бұл туралы балалар және неонаталды хирург Нұрхат Мұхаметқалиев хабарлады. Дәрігердің айтуынша, ота ешқандай асқынусыз өткен. Нәрестенің өз салмағы небәрі 4 келі болса, ісік оның дене массасының шамамен 60% пайызын құраған. 

Ота ешқандай асқынусыз өтті. Салмағы 4 келі болатын сәбиден 2150 грамм ісік алынды. Кішкентайдың тезірек сауығып кетуін тілейміз.Сәби  өңірден медициналық авиация желісімен жеткізілді. Командамыздың үйлесімді жұмысының арқасында балаға шұғыл түрде ота жасалды. Баршаңызға тағы да рахмет, - деп жазды дәрігер. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.