Үш көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапқан

1 505

Фото: Intockphoto.com25- ші қаңтар күні сағат 17:00 шамасында «Ақтөбе – Орынбор» автожолының Құрайлы ауылы маңында үш автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған,- деп хабарлайды Оpennews.kz  ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәлімет бойынша, Ақтөбеден Мартөк бағытына шыққан Honda Odyssey көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Hyundai Solaris автокөлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан Honda Odyssey бағытын өзгертіп, қарсы бетте келе жатқан ВАЗ-2110 көлігімен қайта соқтығысқан, - делінген хабарламада.

Жол апаты салдарынан ВАЗ-2110 көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. Тағы екі адам – Honda Odyssey көлігінің бір жолаушысы мен ВАЗ-2110 автокөлігінің бір жолаушысы жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген.

Honda Odyssey көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалған. Аталған дерек бойынша полиция тексеріс жүргізіп жатыр.