Ақтөбелік сарбаздың басынан орындықпен ұрған

234

Фото: 6655 әскери бөліміАқтөбе қаласына әскери борышын өтеуге барған Алдияр Кеңесбек қатты соққыдан аяқасты талмасы ұстап, денесі құрысып қала беретін болған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Алдияр Кеңесбекті маусым айының 7-сі күні оқып жүрген жерінен ешкімге ескертпестен әскерге алып кеткен. Таңертең Тараздағы колледжге емтиханға кеткен бала кешке тобымен әскерге аттаныпты. Ол Жамбыл облысы, Рысқұлов ауданынан Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөліміне түскен.


Сарбаздың туыстарының айтуынша, Алдияр ант қабылдаудан бұрын таяқ жеп үлгерген. Қалай ант қабылдағаны белгісіз.


«Ешкімге ескертпей колледжде жүрген жерінен Алдиярды тобымен ешқандай медициналық тексеруден өткізбестен алып кетті. Ант қабылдамай тұрып, отбой уақытында жел шығарғаны үшін сержант басынан орындықпен ұрған. Ертеңіне Алдияр сапқа тұрғанда есінен танып құлаған. Сол кезден бастап талмасы басталыпты», - делінген жауынгердің туыстары жазған жазбада.


Талып ауырған жауынгерді екі айдан кейін ғана ауруханаға апарған. Әкесі Кеңесбек Әбдірайымовқа баласының жағдайы туралы ауруханадан белгісіз біреу хабарласып айтқан. Мұны естіген әкесі Ақтөбеге барып, ұлын емдетуге қатысты демалыс алады. Ұлының жағдайын өз көзімен көрген  әкесі қатты шошып қалған. Енді ұлының демалыс уақыты 7 қазанда бітеді.


«Осы мен әскерилерге таңым бар, бір бөлімшеде бір нәрсені бүлдіреді де іс қозғалса не ауысып кетеді не жұмыстан шығып кетеді. Алдындағы марқұм Әлібек Қалбайды қорлады деген офицерлер де өзге бөлімге ауысып кеткен», - деп жазды Гүлмира Әбіқай.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.