"Бірінші "Ю" сыныбы ашылды": Ерекше жағдай Алматыдағы аралас мектепте тіркелді
519
Алматыда бірінші сыныпқа барған оқушылар санының артқанын байқамау мүмкін емес. Бүгін қаладағы №157 аралас мектепте 1 «ю» сыныбының ашылғаны белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне мектеп директоры Света Ахметова мәлімдеді.
«Қазіргі таңда біздің мектептегі бірінші сыныптар саны 28-ге жетті. Оның ішінде жиырмасы - қазақ сыныбы, сегізі – орыс сыныбы. Әр класта орта есеппен 24-25 оқушы білім алады. Кеше салтанатты түрде алғашқы қоңыру рәсімін өткіздік. Бірінші сыныптағы оқушылардың барлығы оффлайн түрде бідлім алады. Тек он шақты бала ғана үйден оқуға ниет білдірді», - дейді Света Ағабекқызы.
Мектеп директорының айтуынша, «ю» сыныбының ашылуына өзіндік себептер бар.
«Біз аралас мектеп болғандықтан, «І», «Ү», «Ұ», «Ң» сыныптары ашылған жоқ. Бұл әріптер «Күнделік» жүйесінде тіркелмеген. Сондықтан, «Ю» әрпіне дейін жетіп отырмыз. Бір айта кетерлігі, әр кластағы бала саны көп емес. 24-25 оқушыдан аспайды. Сыймай, сыртта отырған бала жоқ. Бірінші сыныптағылардың бәрі де бірінші ауысымда оқиды. Ішкі ережелердің бәрін қатаң сақтаудамыз. Ата-аналар балаларын алып кетуге келгенде міндетті түрде «Ашық» жүйесін пайдаланады», - дейді директор.