Алматы құтқарушылары аптап ыстыққа байланысты тұрғындарға ескерту жасады
239
"Қазгидромет" синоптиктерінің мәліметінше, жетінші шілде күні Алматыда сынап бағанасы 36-38 градусқа дейін көтеріледі. Күн қатты ыстық болуы ықтимал.
Осыған байланысты Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынып отыр:
Күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз;
Сағат 12:00-ден 16:00-ге дейінгі уақытта күннің сәулесі белсенді болатынын ұмытпаңыз. Денені күн сәулесінен қорғап, жабық киім киюге тырысыңыз және күннен қорғайтын сықпа майлар қолданыңыз;
Алкогольді ішімдік ішпеңіз – алкоголь ыстықта ағзаға тез әсер етеді және дене жоғары температураға сезімтал болады;
Сұйықтықты (салқындатылған су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішуге тырысыңыз;
Денеге салмақ түсірмеңіз. Күшті жүктеме ыстықта жылу алмасуды арттырады да ағзаны сусыздануға әкеліп соқтырады;
Көлікпен ұзақ сапарларға шықпауға тырысуыңыз керек, егер бұл мүмкін болмаса, жолда мүмкіндігінше абай болыңыз, себебі, қатты ыстықтан көңіл күй төмендеп адам өзін өзі нашар сезінуі мүмкін және реакция төмендейді;
Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сіздің өміріңізге қауіп төнген болса, "112", "101" бірыңғай құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз (қоңырау шалу тегін).
Ыстық ауа райы, әсіресе жүрек-қан тамырлары ауруларымен, артериялық гипертензиямен ауыратын адамдар үшін, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдарға өте қауіпті.