Жол апатынан бір әулеттің 5 қызы көз жұмған

1 575

Фото: ChatGpt көмегімен жасалдыТүркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болып, бір әулеттің 5 қызы мерт болған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Қайтыс болғандардың барлығы кәмелетке толмаған. Апаттан тағы бір бала ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Қайғылы оқиға Түлкібас ауданы Еңбекші ауылында болған. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші автокөлікті қатты айдап келіп, жол жиегіндегі ағашқа соғылған. көліктегі алты адамның бесеуі оқиға орнында қайтыс болған.

Апаттан аман қалған жалғыз баланың халі ауыр. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Полицейлер қылмыстық іс қозғап, қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

"Алдын ала мәлімет бойынша, Volkswagen Polo көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі ағашқа соқтығысқан. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады", – деді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.