Жәннатта әйелдерге "хор жігіттері" беріледі – Дінтанушы
Дінтанушы Кеңшілік Тышқанұлы Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында көп әйел алу мен талақ айту түсініктерін көпшіліктің қате түсініп жүргенін айтты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Тіпті жәннаттағы “хор қыздары” туралы көпшілік ер азаматтың ойы нәпсіқұмарлық болып жатады екен. Маман шариғатта айтылған дүниелердің мағынасын айқындап айтып берді.
Дінтанушы қазір көп ер азаматтардың нәпсіқұмарлықпен 4 әйел алу дінде бар деп ұрандататынын айтады. Сөзінше, егер азамат бәйбішесіне 3 рет талақ айтып, балаларымен қаңғытып жіберсе, әрі қарай басқаға үйленуінің қажеті шамалы. Ол дінімізде бәйбіше-тоқалына әділетті, балаларына бірдей қарай білетін азаматқа ғана бірнеше әйел алуға рұқсат етілгенін айтты.
Кеңшілік Тышқанұлы сонымен қатар шариғатта әйел адамдардың да қазылар алдына келіп ажырасуға арыздануына болатынын айтты. Бірақ ол үшін күйеуі некесін қияр кезден бастап әйелге бұл құқыққа рұқсатын беруі керек екен.
Дінтанушы шариғаттағы “хор қыздары” көп ерлердің арманы екенін жасырмайды. Әйтсе де бұл тұрғыда әйелдерге де “ғилман” “хор жігіттері” бар екен. Сөзінше, мұндай “хор жігіттері” тұрмысқа шықпаған, күйеуіне ұнамаған, күйеуін өмір бойы ұнатпаған, осы өмірде әрең жүріп, о дүниеге барған кезде сол ұнамсыз күйеуіне қайтадан тұрмысқа шыққысы келмеген әйелдерге жазылған.