Жалағаш ауданында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» тақырыбында кездесу өтті

1 227

Жалағаш ауданы2024 жылғы 17 қыркүйекте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» №4 үлгілік базалық бағытының жобаларын іске асыру аясында Жалағаш ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Қайнарбаев  ауылдық округтер әкімдерімен (сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан мемлекеттік қызметшілер) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын түсіндіру мақсатында кездесу өткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Е.Қайнарбаев мемлекеттік қызметті өткеру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар, сонымен қатар, биылғы жылы жүргізілген ішкі талдау нәтижелерімен анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы баяндады. 

Мемлекеттік қызметшілер тарапынан заңнамамен белгіленген шектеулерді, әдеп нормаларын қатаң сақтау, қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдік-әдептілік нормаларын ұстану, барынша қарапайым болуға аса назар аудару керектігін хабарлады.

Кездесу барысында еркін форматта ұсыныс-пікірлер тыңдалып, айтылған мәселелер бақылауға алынды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.