25 жастағы жігіт досының телефонынан өзінің айыппұлдарын төлеген

1 338

Фото: istockphoto.comБҚО Полиция департаментінің мәліметінше оқиға Жаңа жыл мерекесінде болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

25 жастағы жігіт ұйықтап қалған досының телефонын алып, досының саусағын басып, саусақ ізін сканерлеп, телефонды ашып, банк қосымшасына кіріп, өзінің деректерін енгізіп, айыппұлдарын төлеген. Келген шығын көлемі 300 мың теңгені құраған.

Бұл факті бойынша қазір қылмыстық іс қозғалған, ұрлық бабымен тергеліп жатыр. Оқиғаның қосымша мән-жайы анықталуда.

«Бұл оқиға жеке деректер мен жеке құрылғыларды қорғай білудің маңыздылығын көрсетіп отыр», - дейді полиция өкілі.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.