Қызылордада 9-сынып оқушысы өлі күйінде табылды

6 088

istockphoto.comӘлеуметтік желілерде Қызылорда қаласында кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды деген мәлемет таралды ,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Жасөспірімнің денесі мектеп аумағынан табылды деген ақпарат тараған. Алайда Қызылорда қаласының Білім бөлімі бұл мәліметті теріске шығарды. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, оқиға мектеп аумағында болмаған.

«28 мамыр күні таңғы сағат 06:20 шамасында А. Муслимов атындағы №101 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы өз ауласында өз-өзіне қол жұмсады. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», – деп хабарлады қалалық білім бөлімі.

Әкімдік әлеуметтік желі қолданушыларынан жалған ақпарат таратпауды сұрайды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.