Көкшетау тұрғыны қызғаныштан өз әйелін пышақтап өлтірген

262

Көкшетау қаласының 52 жастағы тұрғыны мас күйінде өз әйелін пышақтап өлтірді. Екеуінің кәмелетке толмаған 2 баласы болған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агентттігіне сілтеме жасап. 

Фото: Pixabay.com

Қанды қылмыс 2022 жылдың ақпанында болған. Әйел белгісіз адаммен телефон арқылы сөйлесіп тұрғанда ер адам пышақты ішіне сұғып алған. Ол оқиға орнында жан тапсырды. 

Ер адам қылмысын мойындап, істегеніне өкінетінін айтқан. Сонымен қатар оның кінәсі медициналық сараптама арқылы дәлелденген. 

Айыпталушы Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігі "Кісі өлтіру" бойынша кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айрылды. Жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Сонымен қатар зардап шеккен тарапқа 5 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуі керек. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.