Қарағанды облысында үш сотталушы колониядан қашып кеткен
274
Қарағанды облысында үш ай бойы жазасын колония-қоныста өткізуден жалтарған сотталушы ұсталды. Ер адам қыстақтан табылған. Ол мекемеден тағы екі тұтқынмен бірге қашып кеткен.
Сотталушы ұрлық жасағаны үшін қауіпсіздігі төмен АК-159/20 колониясында жазасын өтеген. Осы жылдың мамыр айында ол тағы екі сотталушымен бірге колониядан шығып кетіп, сол күйі оралмаған.
Нәтижесінде үшеуіне іздеу жарияланды. Кейінірек, Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері екі қашқынның жүрген жерін анықтап, оларды қамауға алған.
Үшіншісі үш ай бойы қылмыстық-атқару жүйесінен жасырынып келген. Жақында ғана оны Жаңаарқа ауданындағы қыстақтардың бірінен тапқан.
"Сотталушы қауіпсіздігі төмен АК-159/20 мекемесінің жеке құрамы Жаңаарқа полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шараларының барысында қыстақтардың бірінен табылды. Қазіргі сәтте ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.
Қашқынға қатысты жазадан жалтару фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Оның жаза өтеу мерзімі ұлғаюы мүмкін.