Бүгіннен бастап ақауы бар ақылы жолда жүру тегін болады

1 525

Фото: ҚазАвтоЖол2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап республикалық маңызы бар ақылы автожолдарда төлем ережелері өзгерді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Компания мәліметінше, қазір елімізде барлығы 27 ақылы жол бар. 

— Ақылы автожолда жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін және жөндеуді талап етіп тұрған жол учаскесі болса, дәл сол аралық үшін жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін төлемақы алынбайды. Мысалы, егер ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 100 шақырымды құраса, оның 5 шақырымы жөндеуді талап етсе, онда жол бойындағы ақаулар жойылғанға дейін жүргізушілер тек 95 шақырым жол үшін ғана ақы төлейді, — деп түсіндірді «ҚазАвтоЖол».