Еліміздің бір облысында соғыс ардагерлеріне 2 миллион теңгеден беріледі
Ақтөбе соғыс ардагерлеріне 2 миллион теңгеден беріледі. Облыс бойынша қазір 20 майдангердің көзі тірі.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, облыста 6 706 соғыс және еңбек ардагері тұрады. Олардың 20-ы соғыс ардагері, 1714 - і Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген, 4693-і тыл еңбеккері, 279-ы көз жұмған жауынгерлердің жесірі.
Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылары мен мүгедектерге 2 миллион теңгеден беріледі, деді ведомство.
100 мың теңгеден берілетіндер:
соғыс кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда еңбек еткен адамдарға,
қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар,
ауған соғысының ардагерлері,
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сонымен қатар азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға, одан бөлек ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға.
Соғыс жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға 50 мың теңгеден төленетіні белгілі болды.