Өскеменде анасы мен нәрестенің өліміне туыстары дәрігерлерді кінәлады
299
Өскеменде ана мен бала орталығында жаңа туған нәрестесімен бірге көз жұмған әйелдің туыстары шу шығарды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "KTK" арнасының жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
14 қазанда 37 жастағы Айжан Мержақыпованың Ана мен бала орталығына алып кеткен.16 қазан күні толғағы басталып, жары Қанатты шақыртқан. Осы сәтте дәрігерлер Айжан мен нәрестенің өлімі жайлы хабарлаған.
"Мен бұл істі шешуді талап етемін. Өз ісіне салғырт қарағандарды жауапқа тартады деп үміттенемін. Жарым үшін істеген ең соңғы нәрсе болсын. Оның зиратында істі соңына дейін жеткіземін деп уәде берген болатынмын", - деді Қанат Мержақыпов.
Жақындарының сөзінше, босану кезіндегі дәрігерлердің іс-әрекеті күдік тудырған. Толғақ басталғанда Айжанның әпкесі серік ретінде келген. Бірақ осы кезде Айжанның әлсіреп қалғанын айтады. Бұған қарамастан дәрігерлер Айжанға мүлде келмеген. Тек туыстары шу шығарған соң ғана назар аударған. Айжан босана алмай ұзақ қиналған, ал құрылғы нәрестенің жүрек соғысы 200-ге дейін көтерілгенін көрсеткен. Айжан кесар отасын жасауды сұрапты. Алайда дәрігерлер өздері де абдырап қалған және "Бұл үшін ешқандай деректер жоқ" деп айтқан.
Дәрігер "Әйелді мұндай күйде қабылдамайды, нәресте қысылып қалған. Ота бөлімі де қабылдамайды" деді. Сосын дәрігер "Қазір баланы кері орнына қоямыз, сосын жібереміз" деп айтты. Дәрігер нәрестені кері жібергенде, Айжан қатты тырмыса бастады. "Енді тырмыспа, қазір сені осылай жөнелтеміз" деді", - деп мәлімдеді марқұмның әпкесі Әсел Иманқұлова.
Ота бөлімінен хабар болмаған, тек бір жарым сағаттан кейін Айжан мен нәрестенің өлімі жайлы айтқан. Нақты не болғаны туралы дәрігерлер мәлімдемепті.
"Босану барысында қағанақ суының эмболиясы болған. Бұл алдын ала қойылған диагноз. Ота бөліміне барған соң, жүрегі тоқтап қалған. Сұрақтардың барлығына арнайы комиссия жауап беретін болады"- деді Өскемен қаласы бас акушер-гинекологы Марат Көксегенов.
Айжанның артында екі баласы қалды.