Жаттықтырушы ұстаз аязды күндері тұрғындарды тегін тасып жүр

1 639

Фото: видеодан кадрӨскеменде белгілі спортшы, жаттықтырушы ұстаз күн суықта жерлестерін тегін тасып жүр. Тіпті ол көлігіне "тегін такси" деп те жазып қойған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Altaynews сайтына сілтеме жасап.


Өткен аптада ШҚО-да басталған аяз халықты біраз әбігерге салды. Жұмыстан үйге, үйден жұмысқа жеткенше жұрт жаурап қалып жатты. Осындайда халыққа қол ұшын созар қайырымды жандар бар екенін ел көрді.


"Бірнеше күннен бері адамдарды тегін тасып жүрмін. "Тегін такси" деп жазып қойдым. Сонда да кейбір тұрғындар отырмай, тартыншақтайды. Кісілерді Ахмер, Согра, Қайсенов кенті сияқты қаланың шет аудандарынан тасимын", – дейді «Гір» көтерудің чемпионы Сұлтан Амантайұлы.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.