Итіне тақия мен бешпет кигізген қазақ жігіті оның туған күнін дүркіретіп тойлап берген
Блогер Темірлан Тоспаев Майлыбек атты итінің туған күніне орай жабық қайырымдылық кешін ұйымдастырған, - деп жазады "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Иттің туған күні этностильде өткен. Яки, Темірлан Тоспаев Майлыбектің басына қазақтың тақиясын, үстіне оюы бар бешпет кигізген.
Papa Mailo есімімен танымал блогер қайырымдылық кешіне қазақтың ұлттық киімін киген қыздарды шақырып, қонақтардың көңілін көтерген. Қайырымдылық кешіне жиналған қонақтар 670 мың теңге ақша жинаған екен.Темірлан Тоспаев ол қаржыны иесі жоқ жануарларды қолдауға жіберемін дейді.
Әлеуметтік желіде бұл оқиғаға қатысты әртүрлі пікір жазылған. Көбі блогердің бұл әрекетін сөккен.