ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕКТЕП БАСШЫСЫНАН ҮСТЕМДІК КӨРДІМ ДЕГЕН МҰҒАЛІМ НАРАЗЫЛЫҚ БІЛДІРУДЕ

5 999

Қызылордада  мектеп басшысы зейнет жасымды алға тартып, жұмыстан шығуыма арыз жаздырып алды деген ұстаздың хаты жарияланды, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.


Әлеуметтік желіге мектеп мұғалімдеріне қатысты бір емес бірнеше жағымсыз жаңалықтар жайлап барады. Оның үстіне біздің өңірде білім саласында жемқорлықта, зорлық та орын алып келеді. Ал, бүгін өзінің Facebook парақшасына өзіне мектеп директоры әділетсіздік танытты деп басшылық құрамға арнайы жазба қалдырған.

«Мен,  Сахиева Қанзия жоғары санатты педагог-зерттеуші, математика пәні мұғалімімін. Жалпы еңбек өтілім - 40 жыл. Өткенге көз жүгіртсем, қалалық Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектепте 33 жыл еңбек етіппін...
Әңгіме, мен қызмет еткен №10 мектептің директоры Асылбек Макашевтің маған жасаған іс- әрекеті, дөрекілігі жайында болып отыр.
Мен осы жылдың 26- ақпанда 61 жасқа, зейнет жасына толған едім. Ертесіне, 27- ақпан күні мені мектеп басшысы Асылбек Макашев шақырып алып, менімен бірге кабинетке келген оқу орынбасарын да кабинеттен шығарып жіберіп, маған бірден жұмыстан шығуға өтініш жазуға бұйырды және жаздыртып алды. Зейнет жасыма енді жеткенімде директордың бірден осындай дөрекілік көрсеткеніне бірден қан қысымым көтеріліп кетті, не болып жатқанын мүлдем түсінбей қалдым. Қолыма қағаз бен қаламды ұстатты да, "жаз" деді. Маған керегі одан ары жұмыс жасау да, сый-сыяпат та емес еді» ,- делінген жазбада. 


Оқушылардың тоқсанды сәтті бітіртіп, ұжымыммен жақсы қоштасу арманым еді делінген. Оның үстіне мектепте математика пәні бойынша кадр тапшылығы бар екендігін алға тартқан педагог кадр тапшылығын ескермегендігі қалай?  

"Есжановтың бұйрығы бар, мен солай шештім, өтініш жазыңыз". Сосын мен сол бойда не істеп, не қоярымды білмей директор Асылбек Макашевтың айтқанын сөзбе-сөз жазып беріппін. Үйге келген соң біраз уақытқа дейін өз-өзіме келе алмадым. Кейін заңнама бойынша (кодекстың 52- бабы 1- тармағының 24- тармақшасы) алдын ала 1 ай бұрын ескерту қағазын беру керектігін білдім. Ал ол директор соны біле тұра, бар мақсаты кабинетке менен басқа ешкімді жолатпай маған қысым көрсетіп өтінішті жаздыртып алу болыпты. Бар ойы мені зейнетке емес, жұмыстан шығару екен. Енді міне сол өтінішімді "өзі жазды" деп "жоғары жақтағыларға" көрсетіп отыр.» , - делінген жазбада. 


33 жылдық еңбек өтілінің 33 минутта күлін көкке ұшырғанына қатты қынжылған ұстаз  мектеп директорына не қалалық білім бөлімі басшысы Ерлан Тенизбаевич Боданов не облыстық білім бөлімі басшысы Аскарбек Есжановтың да тісі батпағандығында атап өткен. 


Осыдан 6 жыл бұрын да Асылбек Макашев №101 мектепте директор қызметін атқарып жүрген кезінде себепсіз жұмыстан шығарғаны үшін мектеп  қызметкерлері аштық жариялаймыз деп шу шығараған болатын. Орын алған даудан кейін мектеп директоры басқа қызметке ауыстырылғаны айтылған-ды.  Сол жылы бірден №10 мектепке директор қызметіне келгені белгілі болды. Осы жағдайға байланысты Қызылорда облыстық білім басқармасы:

«Барлығы заңнамаға сәйкес жүргізілген. Мектепте білім беріп жүрген ұстаз зейнет жасына жеткендіктен Еңбек Кодексіне байланысты жұмыстан шыққан. Тіпті арнайы өз қолымен жазылған арыз да бар.»,  - деді облыстық білім басқармасының мамандары.