Еңбек министрлігі осал топтарға қолдауды күшейтпек

1 536

Фото: ©ашық дереккөзЕлімізде еңбек нарығындағы әлсіз топтарға қолдау көрсету тетіктері жаңартылып жатыр, енді негізгі күш-жігер жұмыс табуы қиын азаматтарды нақты сүйемелдеуге бағытталады,- хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі Egemen.kz. сайтына сілтеме жасап.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтарға атаулы көмек көрсетуді күшейту мақсатында өңірлік Мансап орталықтарының жұмысын жетілдіріп жатыр. Министр Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен өткен жұмыс кеңесінде жаңа алгоритм таныстырылып, басты назар «басым топқа» - өз бетінше жұмысқа орналасуы қиын үміткерлерге аударылды. Еңбек нарығын кешенді талдау нәтижесінде 93,5 мың адамнан тұратын нысаналы топ айқындалды. Бұл санатқа әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар, еңбек тәжірибесі жоқ немесе жұмыс өтілінде 6 айдан астам үзілісі бар адамдар, сондай-ақ орта және техникалық-кәсіптік білімі бар үміткерлер енгізілді. Ал жоғары білімі немесе жуырдағы жұмыс тәжірибесі бар азаматтар бұл тізімнен шығарылып, қолдау ең мұқтаж топтарға бағытталды. Енді осы басым топ үшін жеке сүйемелдеу жүйесі қалыптастырылады. Әрбір азаматты жұмыспен қамту үдерісін нақты бақылау үшін министрлік ақпараттық жүйеге жаңа цифрлық құралдар енгізді. Мансап орталықтары арнайы панель арқылы үміткерлерді нақты уақыт режимінде аты-жөні бойынша бақылап, көрсетілген қолдау шараларын күнделікті қадағалай алады.

Сонымен қатар мониторинг нәтижелері өңірлердегі жұмыс қарқынын күшейту қажеттігін көрсетті. Қазіргі таңда нысаналы топтағы бар болғаны 39,8 мың адам ғана жұмыспен қамту шараларымен қамтылған. Осыған байланысты министр өңірлік Мансап орталықтарына нақты міндет жүктеді. Атап айтқанда, әрбір жұмыссыз азаматпен жеке жұмыс жүргізіп, оны толық жұмысқа орналасқанға дейін сүйемелдеуді қамтамасыз ету талап етілді. Жаңа тәсіл еңбек нарығындағы теңгерімді арттыруға, әлеуметтік осал топтардың табысын өсіруге және тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.