"Атырауда ішінде адамдары бар лифт 15-қабаттан құлап кетті"

372
Атырауда бүгін таңертең апатты орын алды. 15-қабаттан лифт кабинасы құлап, нәтижесінде бір адам көз жұмып, екіншісі ауруханаға жеткізілген. Төтенше жағдайдың егжей-тегжейі облыстық төтенше жағдайлар департаментінде айтылды.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 4 тамызда сағат 10.46-да Сәтбаев көшесіндегі 17 қабатты "Ардагер" тұрғын үй кешенінде лифт жөндеу кезінде кабина 15-қабаттан 1-қабатқа құлаған. Төтенше жағдай кезінде ішінде Lift Invest ЖШС-нің екі қызметкері болған. Олардың Алматы облысында туғаны анықталды. Апат салдарынан 40 жастағы ер адам қайтыс болып, екінші 34 жастағы зардап шегуші ауыр жағдайда облыстық ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнына ТЖД-ның 3 қызметкері мен 1 бірлік техникасы, облыстық полиция департаментінің кезекші жедел тергеу тобынан 3 адам мен 1 бірлік техника жіберілді. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.