«Әлем аруы» байқауында Қырғызстан мен Қазақстан атауын шатастырып алған
252
Жаңа Орлеандағы өткен «Әлем аруы» халықаралық байқауының ұйымдастырушылары Қырғызстаннан келген қатысушыдан өз елінің ресми атын айта алмай, қазақстандық деп таныстырғаны үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Miss Universe байқауының ("Әлем аруы") YouTube-тегі ресми арнасында жарияланған. Кадрға "Әлем аруы" ұйымының бас директоры Эми Эмерик пен Қырғызстаннан келген қатысушы Алтынай Ботоярова түсті.
Өз кезегінде қырғызстандық ару жарысты ұйымдастырушыларға кешірім сұрағаны үшін алғысын білдірді.
«Әлем аруы» тәжін бұл жолы АҚШ өкілі Р'Бонни Габриэль жеңіп алды. Венесуэлалық Аманда Дудамель екінші орын алса, Доминикан Республикасынан келген Андреина Мартинес үшінші финалист атанды.
Бұл жолы әлем аруы байқауына Қазақстан қатысқан жоқ.
Miss Universe байқауының ("Әлем аруы") YouTube-тегі ресми арнасында жарияланған. Кадрға "Әлем аруы" ұйымының бас директоры Эми Эмерик пен Қырғызстаннан келген қатысушы Алтынай Ботоярова түсті.
Өкінішке қарай, көрсетілім алдындағы бағдарламада жүргізушіміз Қырғызстанның атын қате айтты. Бізге аса мұқият болып, жұмысымызды жақсырақ атқаруымыз керек. Бұл қателікті ақтауға болмайды және біз кешірім сұраймыз. Алтынайдың жарыста бізбен бірге болатын уақытын бұзғымыз келмеді. Сондықтан келесі жолы мұқият боламыз деп тағы да уәде беремін. Кешірімімізді қабылдайсыз деп үміттенемін, – деді Эми Эмерик.
Өз кезегінде қырғызстандық ару жарысты ұйымдастырушыларға кешірім сұрағаны үшін алғысын білдірді.
Шын жүректен кешірім сұрағаныңыз үшін көп рахмет, Эми. Мен өте қуаныштымын. Мен Қырғызстан 2021 аруымын және өз елім – Қырғызстанды мақтанышпен таныстырамын. Ұйымдастырушыларға бұл мәселеге үлкен байыптылықпен қарағандары үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Тағы да бір рет ең үлкен жарыс екеніңізді дәлелдедіңіздер, – деді Алтынай Ботоярова.