ТЖМ басшысы Тараз маңындағы әскери бөлімдегі жарылысқа не себеп болғанын айтты

326
Мәжілістегі үкімет сағатында төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 17 адамның өмірін жалмаған Тараз маңындағы әскери бөлімдегі жарылысқа не себеп болғанын айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Ильиннің айтуынша, қаза тапқан 17 адамның 10-ы төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері.

Қазіргі уақытта, бір адамды яғни қорғаныс министрлігінің қызметкерін іздеу жұмыстары жалғасуда.

"Төтенше жағдайларды ауыздықтауға шығатын өрт сөндірушілердің, атап айтқанда, осы нысанның міндеті – өртті жою және оның таралуына жол бермеу.

Бірақ өрт сөндіруге кіріспес бұрын әрқашан барлау жүргізіліп, нысан басшылығынан жарылыс қаупі бар-жоғы сұралады.

Бұл нысанда, оның ішінде мекеме басшылығының мәлімдемесі бойынша және Қорғаныс министрлігі басшылығының мәлімдемесі бойынша, жоғары температурада жай ғана жанып кететін және жарылмауы тиіс тротилден басқа қауіп болмаған. (...).

Бірақ, қазір тергеу шаралары барысында анықталғандай өрт шыққан қоймада тротил жарылған. Салдарынан жарылыс болған. Кім кінәлі екенін тек сот анықтайтын болады, ІІМ тергеу шараларын жалғастыруда", – дейді министр.