Қызылордалық чемпион мүгедек болып қалған

287

Қазақ күресінің чемпионы Ғалымжан Мансұр жүре алмай, мүгедек болып арбаға таңылған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



28 жастағы спортшы Жаңақорған ауданындағы Түгіскен ауылында тұрып жатыр. Спорт шебері 2016 жылы оқыс жағдайға тап болады. Жаздың күні шомылуға барған жігіт арнаның таяздау жеріне түсіп, жұлынына зақым келген. Содан бері жас жігіт арбаға танылыпты. Қарт ата-анасының қолында тұрып жатқан спортшыға 9-сыныптағы інісі күтім жасайды.


Ғалымжанның ауылдастары болашағынан зор үміт күттірген спортшының қазір хәлі қиын дейді. Денсаулығын түзету үшін шетелге барып емделу керек екенін айтады. Ал оған мүгедек спортшының жағдайы жетпейді. Сондықтан ауылдастары Ғалымжан Мансұр қазір қара халықтың көмегіне зәру екенін айтады. Сол үшін түгіскендік тұрғындар әлеуметтік желі арқылы жылу жинап жатыр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.