Жұмыспен қамту басқармасының басшысы 310 мың теңге пара алған

1 216
Астанада жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының экс-басшысына сот айыппұл тағайындады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Іс материалдары бойынша басқарма басшысы жұмыссыздарды оқытуға шарттар жасасқаны үшін ЖШС директорынан 310 мың теңге пара алған.

Сот жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін мойын өкінгенін және сотталушылардың әрқайсысында асырауындағы балалардың болуын ескерді.

Жұмыспен қамту басқармасының бұрынғы басшысы пара алғаны үшін кінәлі деп танылды, оған параның 30 еселенген сомасы 9,3 млн теңге мөлшерінде айыппұл тағайындалды. ЖШС директоры параның 20 еселенген сомасы 6,2 млн теңге көлемінде айыппұл алды. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.