Жалған айғақ берген куәгер сотталып кетті
1 334
ШҚО-да жалған ақпарат берген куәгер 5 жылға сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бас көлік прокуратурасы сот процесі барысында куәлардың бірінің жалған айғақтар беру фактісін анықтады. Көлік прокурорлары Шығыс Қазақстан облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының басшылығына қатысты сыбайлас жемқорлық туралы істі қараған.
«Арнайы прокурорлар жүргізген тергеп-тексеру сот төрелігіне қарсы әрекет ету дерегін растады. Сот сотталушының кінәсін мойындау мен өкінуін ескеріп, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», делінген хабарламада.