Қызылжармалықтарда су тапшылығы орын алуда ма?
Қызылжарма ауылдық округініде ауызсу тапшылығы белең алуда, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қызылорда облысында су тапшылығы болуы мүмкін дейді сарапшылар. Жергілікті билік соңғы жылдары Сырдария өзеніндегі су ағынының азаюы өңірдегі экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайды айтарлықтай қиындатып жібергенін айтып отыр. Жалпы алғанда, Қызылорда облысы үстіміздегі жылы су тапшылығын едәуір сезініп отырғандай. Олай деуге басты себеп Сабалақ пен Қызылжарма ауылдық округінің тұрғындары ауыз судың саябырсып, кейде мүлдем ақпай қалатындығын алға тартып, дабыл қағуда.
Қызылжарма тұрғындарының айтуынша, су тартқыш моторын қосқанда су ағып, басқа күндері тамшылап тұратындығын алға тартуда. Сонымен қатар, күндізгі уақытта тұрмыс тіршілікке қажетті суды тамшылатып жинайтындығын да жасырмады.
«Көктемгі-жазғы мезгілінде Қызылжарма округінің тұрғындары күндіз ауызсуды жасыл желектерді суаруларына байланысты көп мөлшерде пайдаланулары орын алуда. Соның салдарынан аталған аумақта орналасқан тұрғын үйлердің ауыз судың қысымына кері әсерін тигізуде.»-деген хабарламада.
Алайда, ауыл Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аталмыш мәселеден хабардар екендігін алға тартты. Су тапшылық мәселесін шешу жолдарында қарастырып, тіпті тиісті орындарға ұсыныс хаттарда жіберілген дейді.
Десек те, қызылжармалықтардың әлі күнге дейін шешімін таппаған табиғи газ, электр бағандары мен жүргіншілер жолы секілді түйіткілі шешілмеген мәселелердің бар екендігін атап өтті. Тіпті ауыл әкімінің айтуынша ауылдағы 36 көшеге ат қою үшін жұмыс жасалып жатқандығы да сөз етілді. Біле білсек, ауыл арасында атаумен емес санмен саналатын көше атаулары да бар екен.
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ
Фотожурналист ДИНАРА БАУЫРЖАНҚЫЗЫ