Су тасқыны салдарын жоюға берілген қаражаттың 1 миллиард теңгесі жымқырылған

1 668

Фото: Егемен ҚазақстанҚаржылық мониторинг агенттігі гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген қаражаттың жұмсалуын тексереді. Өйткені бірнеше облыста ақша жымқырылғаны анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


ҚМА төрағасы Дмитрий Малахов ақшаның қалай жұмсалып жатқанын тексеруге тапсырма берді.


"Агенттіктің аумақтық департаменттерінің басшылары мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілерінің қызметіне араласпай, бөгеттер, су бұру объектілерін салу, сондай-ақ өзен арналарын тереңдету үшін ақшаны ұтымды пайдалануды зерделеуі қажет", – деді Малахов.


Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үкімет, квазимемлекеттік компаниялар, кәсіпкерлер, қоғамдық қорлар 140 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.


ҚМА басшысы орын алған су тасқыны салдарды жою үшін бөлінген ақшаны мақсатты пайдалану мен көмек зардап шеккен барлық азаматтарға нақты жетуді қамтамасыз етуді тапсырды.


Қаржылық мониторинг органдары Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында жымқыру белгілері бойынша төрт іс қозғады. 5 адам күдікті деп танылған. Залалдың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асты.


Сонымен қатар зардап шеккендерге көмектесу үшін ақша жинауды жариялайтын алаяқтарға қарсы тексеріс те жүреді.


Бағаның өсуіне жол бермеуге ерекше назар аудару тапсырылды.Ол үшін азық-түлік, ауыз су, дәрі-дәрмек және басқа да қажетті заттар бағасының мониторингі жалғасады. Агенттік сонымен қатар құрылыс материалдарының бағасымен алыпсатарлық тәуекелдерін алдын алу қызметін де жандандырады.