Тойға келген қонақтар жылқы етінен уланып қалған

438
Қырғызстанда бір күнде 120 адам жылқы етінен уланып қалған. Олардың барлығы 10-қазан күні Созақ ауданының Бек-Абад ауылында өткен тойға барғаны белгілі болды деп жазады Sputnik Қырғызстан.

Ауруханаға 124 адам түскен. Жалал-Абад ауданаралық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және жұқпалы аурулардың алдын алу орталығының басшысы Рома Ураимовтың айтуынша, ауылда сүндет той өткізу үшін жылқы сойылған. 

Жергілікті тұрғындар келесі күні дәрігерлерге қарала бастапты. Ураимов науқастардың арасында туыстары тойдан үйге әкелген жылқы етін жегендер де бар екенін атап өтті. 16 адам ауруханаға жатқызылды, қалғандары үйде ем қабылдап жатыр. 

 "Қазір науқастардың барлығы бақылауда. Ауруханаға жатқызылғандардың арасында төрт жасөспірім бар. Эпидемиологиялық тексеріс жүргізілуде", - деді орталық басшысы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.